Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

26.05.2026 19:41
пресс-служба акима Алматы

Қала мешіттерінде санитариялық шаралар күшейтіліп, келушілерді қауіпсіз әрі жайлы жағдайда қарсы алу үшін қажетті жұмыстар қолға алынған, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мереке күндері аталған орындарда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары кезекшілік атқарады. Санитариялық талаптардың сақталуы, аумақтың тазалығы, қалдықтардың уақытылы шығарылуы және тұрғындардың қауіпсіздігі тұрақты бақылауда болады.

Сонымен қатар, Құрбан шалуды тұрғын үйлердің аулаларында, көшелерде және рұқсат етілмеген орындарда өткізуге тыйым салынғаны ескертілген болатын.

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Оқи отырыңыз: Үлкен өмірге алғашқы қадам: Түлектер балалар үйіне қуаныш сыйлады