Алматыда 2026 жылы 1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалада азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың кезекті науқаны биыл наурыз айында басталады. Бұл туралы Алматының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2025 жылы әскерге шақыру көктемгі және күзгі кезеңдерде жоспарлы тәртіппен жүргізілді. Мемлекеттік жалпы наряд 3 520 адам болып, іс жүзінде 3 547 азамат әскер қатарына жіберілді. Жоспар 100,6 пайызға орындалды.

Шақырылғандардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне бөлінді. Сонымен қатар алматылық жастар Мемлекеттік күзет қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Ұлттық ұланға жіберілді.

Басқарма мәліметінше, әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары тұрақты бақылауда болып, мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігі бағаланды

Новости партнеров