Жетісу ауданындағы білім ордаларында Наурыз мейрамын атап өтті

Ұлттық құндылықтарды дәріптеген іс-шара жарапазан мен керуен шеруінен басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Наурыз мейрамын тойлау әлі де жалғасып жатыр. Бүгін Жетісу ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектепте мейрам кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Ұлттық құндылықтарды дәріптеген іс-шара жарапазан мен керуен шеруінен басталды. Концерттік бағдарлама барысында тұсаукесер, бесікке бөлеу, сырға салу, қыз ұзату, беташар сынды салт-дәстүрлерден қойылым көрсетіліп, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

 Іс-шара бірнеше тақырыптық ауылдардан құрылды. «Береке», «Өнер», «Өнеге» ауылдары қазақтың қонақжайлылығын, жөн-жоралғыларын, ұлттық рәсімдерін сахналады. Сонымен қатар мерекелік кездесуде Гиннес рекордтар кітабына енген 30 домбырашы мен бір жыл бұрын мектеп оқушылары мен ұстаздарынан құралған «Жетісу жаңғырығы» театры өнер көрсетті.

«Бұл жерде тек  №3 мектептің ұстаздары емес,  №2 және №143 лицейдің ұстаздары қатысты. Сырға салу рәсімдері мен жыр-шашуларын ала келді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің барлығы бесікке бөлеу мен тұсау кесіп, көрсетіп жатса, жас келіннің бетін ашу орта буын мен жоғарғы сыныпқа сабақ беретін ұстаздарымыз үйымдастырды», –  деді № 3 жалпы білім беретін мектептің директоры Сәуле Жұмабекова.

«Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді жалғастыру – негізігі мақсатымыз. Болашағымыз жастардың қолында ғой, олар ұлттық салт-дәстүрімізді біліп өссе, сыйлай білсе деген ниет», – деді № 3 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Жеңіскүл Сәрсенбаева.

Оқи отырыңыз: Мадина Бакеева: Ерсайын Абдрахманов - кино және телевизия саласында беделді тұлға

 

Новости партнеров