Мадина Бакеева: Ерсайын Абдрахманов - кино және телевизия саласында беделді тұлға

Алматыда Ерсайын Әбдірахмановтың 80 жылдығына арналған іс-шара өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қазақ анимациясы мен деректі кино өнерінің негізін салушылардың бірі, суретші және педагог Ерсайын Әбдірахмановтың 80 жылдығына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Мерейтойға оның жақындары мен достары, сондай-ақ студенттер қатысты. Кеш барысында режиссердің шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оның өмір жолы мен өнердегі еңбегі айтылды, фильмдері көрсетілді. Сонымен қатар «Режиссер Ерсайын Әбдірахманов» монографиясының тұсауы кесілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жас буынға режиссердің шығармашылық мұрасын насихаттауға көмектеседі.

«Ерсайын Абдрахманов - кино және телевизия факультеті үшін өте беделді тұлға. Себебі осы факультеттің іргетасын қалаушылардың бірі - Ерсайын Абдрахманов. Іс-шараның мақсаты - кино және телевизия факультетінің студенттеріне ғана емес, сонымен қатар Академия студеттеріне Ерсайын Абдрахмановтың қалдырған мұрасы, ол кісінің қаншалықты еңбекқор адам болғанын таныту», - деді Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Кино және телевизия» факультетінің деканы Мадина Бакеева.

Оқи отырыңыз: Алматыда 90 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Новости партнеров