Жаңа көзқарастар талқыланды: Алматыда жастар көлік форумы өтті

22.10.2025 20:58

Жиынға еліміздің 11 жоғары оқу орнының студенттері қатысты

Алматыда «XII KAZLOGISTICS» жастар көлік форумы өз мәресіне жетті. «Ғаламдық өзгерістер жағдайындағы заманауи мультимодальды тасымалдар» тақырыбында өткен жиынға еліміздің 11 жоғары оқу орнының студенттері қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Екі күнге созылған форум барысында қатысушылар тек тәжірибе алмасып қоймай, логистикалық жағдайларға байланысты интеллектуалдық тапсырмалар орындады. Іс-шара барысында сала мамандары заманауи тасымал жүйесіндегі өзекті мәселелер туралы баяндама оқып, тәжірибе бөлісті.  

«Қазақстандағы 37 жоғары оқу орнында осы бағыт бойынша студенттер, магистранттар және докторанттар даярланады. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – сол студенттердің басын қосып, ашық пікірталас алаңын қалыптастыру және интеллектуалдық ойындар арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру», – деді М. Тынышбаев атындағы ALT университетінің президент-ректоры Меруерт Жармағанбетова.

Оқи отырыңыз: Республика күніне орай Алматының Жетісу ауданында жаңа демалыс орындары ашылды