Жетісу ауданында азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 15–20 пайыз арзан ұсынылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағының алдында ұйымдастырылған сауда алаңына 15 шатыр тігіліп, жылқы, сиыр, қой еті, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс-жидек, сүт және нан-тоқаш өнімдері қойылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 15–20 пайыз арзан ұсынылды.

«Жәрмеңкеде 15 пайыз азық-түліктің саны төмен. Әлеуметтік тауарлардың бағасы төмен. Сағат 7:00-ден бастап ашылдық. Содан бастап мінекей халық келіп жатыр, бір-бірінен естіп жатыр. Көкөністердің бір партиясы бітіп қалып еді. Қазір екінші партия қайта алдырдық. Өздеріңіз көріп отырсыздар, ет келіп жатыр», – деді «Алматы» ӘКК Азық-түлікпен қамтамасыз ету және сауда департаментінің бас менеджері Нұрлан Әуесбаев.

Азық-түлік жәрмеңкесі қаланың Алмалы, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарында да тұрақты өтеді. Апта сайын сауда алаңдарына  45 мыңнан астам тұрғын барады. Оларға 300-ден астам жергілікті фермер өнімін ұсынады. Жәрмеңке әр сенбі-жексенбі таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Бағалары өте жақсы. Кортошка 250 теңге, сәбіз 250 теңгеден сатылды.  Сапасын ұстап көріп, тексердім, өте жақсы. Ешқандай шірімеген», – деді қала тұрғыны Қарлығаш Досыбаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда ұстаздар мен оқушылар сенбілікке шықты

 

 

Новости партнеров