Алматыда ұстаздар мен оқушылар сенбілікке шықты

Мұғалімдер іс-шара өскелең ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын үйрететінін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда оқу жылының қарсаңында ұстаздар мен оқушылар сенбілікке шықты. Тазалық іс-шарасына ата-аналар да қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ораз Жандосов атындағы № 105 гимназияның ұжымы мектеп ауласын ғана емес, көршілес даңғылды да қоқыстан тазартып, гүлзарларды абаттандырды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбілікте өнер қайраткерлері де атсалысты. «Тазалықты әр адам өзінен бастауы керек» ұстанымын алға тартқан мұғалімдер, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын үйрететінін айтты.

«Сенбілікке ата-аналар, осы мектептің ұстаздары және де оқушылары – 150-ден аса адам қатысып жатыр. Бұл – біртұтас тәрбие, ата-ана, мектеп және оқушылары бірге ұйымдасып жұмыс жүргізу керек. Соның бірі – еңбекке баулу, қадірлеу, қастерлеу, мектебін аялау және қоршаған ортаны сақтау», – деді О. Жандосов атындағы №105 гимназияның директоры Гүлжан Досаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда медициналық ұйымдарды жаңғырту жұмыстары тексерілді

 

 

 

Новости партнеров