23 қазанда сағат 10:00-де Almaty Hub алаңында цифрлық гигиена, киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселесіне арналған кездесу өтеді. Іс-шараны Almaty Hub пен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық Цифрландыру басқармасының мәліметінше, кездесуге қатысушыларға қазіргі цифрлық қауіп-қатерлер, жеке ақпаратты қорғау жолдары және интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы айтылады. Сондай-ақ, сарапшылар цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану бойынша тәжірибелік кеңес береді.