Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары, ПИК өкілдері, «AMANAT» партиясының белсенділері және қала тұрғындарымен бірге «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өтетін партияның дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысып, өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тұрғындардың бұл бастамасы партияның көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен тиімді байланыс орнатуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және тұрғындар, депутаттар мен жауапты мекемелер арасындағы тікелей коммуникацияны күшейтуге бағытталған жаңа «TURGYNDAR AMANATY» жобасына қолдау білдірудің көрінісі болды.
Акция барысында қатысушылар аула аумағын қоқыстан тазартып, іргелес аумақты ретке келтіріп, көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Тұрғындардың айтуынша, «TURGYNDAR AMANATY» жобасының басталуы көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының мәселелеріне жүйелі түрде көңіл бөліне бастағанын көрсетеді.
Қала тұрғыны:
«TURGYNDAR AMANATY» сияқты жобаның басталғанына өте қуаныштымыз. Көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының мәселелеріне көңіл бөлініп, бізбен нақты жұмыс басталғаны қуантады. Соған ризашылық ретінде бүгін көршілерімізбен бірге шығып, «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын қолдауға шешім қабылдадық. Өз ауламыздың таза әрі жайлы болғанын өзіміз де қалаймыз. Осындай бастамалар тұрғындарды біріктіреді деп ойлаймын.»
КСК өкілдерінің айтуынша, жоба тұрғындар, депутаттар және жауапты мекемелер арасындағы байланысты жедел әрі тиімді етуге мүмкіндік беріп отыр.
«Березка» КСК өкілі Бақыткүл Иргембаева:
«Мен осы тұрғын үй кешенінің пәтер иелерінің кооперативінің өкілімін. «AMANAT» партиясының 20 жылға жуық мүшесімін. Ең алдымен «AMANAT» партиясына «TURGYNDAR AMANATY» жобасын іске қосқаны үшін алғысымды білдіремін. ПИК өкілі ретінде айтарым, мұндай формат өте қажет болды. Қазір депутаттармен, жауапты мекемелермен тікелей байланыс орнату әлдеқайда жеңілдеді. Тұрғындардың мәселелерін көтеріп, жедел кері байланыс алуға мүмкіндік бар. Бұл тек бір үйге ғана емес, басқа нысандарда да нақты нәтиже беріп жатыр. Ал бүгінгі акция — тұрғындар, партия және басқарушы ұйымдардың бірлесіп нақты іс атқара алатынының жақсы мысалы.»
«TURGYNDAR AMANATY» жобасы көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, тұрғын үй-коммуналдық саладағы тиімді өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыруға және тұрғындарды өз үйі мен ауласына қатысты мәселелерді шешуге белсенді тартуға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Аналитика, деректер және коммуникация өнері: Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының екінші аптасы өтті