Атақты скрипкашы Жәмила Серкебаева Алматыда референдумда дауыс берді

06.10.2024 14:01

Музыкант №254 сайлау учаскесіне келді

Алматыдағы референдумға белгілі қазақстандық скрипкашы және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәмила Серкебаева қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.    

Музыкант Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №254 сайлау учаскесіне келді. 

«Референдум-еліміз үшін тарихи сәт. Әртіс ретінде мен әрқашан болашақ туралы ойлаймын: біз келесі ұрпаққа не қалдырамыз. Мұндай референдумдарға қатысу-бұл ортақ іске үлес қосу мүмкіндігі. Еліміз дамиды және жалпы мәдениет еліміздің игілігі үшін артады деп үлкен үміт артамын», - деп атап өтті Жәмила Серкебаева.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселелері бойынша референдум өтуде. Барлық азаматтар сайлау учаскелерінде сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Оқи отырыңыз:  Алматыда пара биден спорт шебері референдумда дауыс берді