Жұлдызды Алматы: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті
Almaty.tv
Мерекелік іс-шаралар аясында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін концерт болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Наурыз мерекесін тойлау аясында Астана алаңында «Жұлдызды Алматы» атты ауқымды мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сахнада елге танымал өнерпаздар – ZHAN, Ажар Назар, Коди, Ілияс Қабдырай, Санжар Жұмасейітов, Жасұлан Көпберген, Рэй, Астра, Баха СМ, Марсель, Жеңіс, Тұрар, Әлішер Кәрімов, Белуччи өнер көрсетті. Көрермен қауым әрбір өнерпазды ықыласпен қарсы алып, олардың өнеріне қошемет білдірді.
Концерт қала тұрғындары мен қонақтарына арналған Астана алаңында ұйымдастырылған екі күндік мерекелік бағдарламаның құрамдас бөлігі болды.
Мерекелік іс-шаралар бүгін де жалғасады. Сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін концерт болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45