|
05.04.2023 | 10:17
2650

Қазақстан 2023 жылы шегірткеге қарсы күреске қанша қаражат жұмсайды

Мамандардың болжамы бойынша шегіртке 1,6 млн га аумаққа таралуы мүмкін

Қазақстан 2023 жылы шегірткеге қарсы күреске қанша қаражат жұмсайды Хабар24

Биыл үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың болжамы бойынша шегіртке 1,6 млн га аумаққа таралуы мүмкін. Бүгінгі таңда 385,3 мың га алаңда пестицидтердің қажетті қоры қалыптастырылды.

Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штаб құрылып, мониторинг және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді.

Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылатын болады.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында мароккалық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізілді. 8-9 сәуірде өңдеу іс-шараларын бастау жоспарланып отыр.

Басқа аймақта жерді химиялық өңдеу жұмысы шегірткелердің таралу ошағы анықталған кезде басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақта бірлескен зерттеу жүргізілетін болады. Бұл туралы Қазақстанның АШМ-ның мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекетіндегі әріптестерімен алдын ала келісті.

Оқи отырыңыз: 1 шілдеден бастап неке Халыққа қызмет көрсету орталығында қиылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир