|
05.04.2023 | 10:19
2085

Алматыда дизель отынының жағдайы қандай

Мегополисте 200-ден аса автожанармай құю станциясы жұмыс істейді

Алматыда дизель отынының жағдайы қандай elements.envato.com

Алматы қаласында 213 автожанармай құю станциясы жұмыс істейді, оның ішінде ірі 6 желіге 176 жанармай құю бекеті немесе 82% тиесілі, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Алматы қаласына ЖЖМ жеткізу үш мұнай өңдеу зауытынан жүзеге асырылады: Шымкент «Петро Қазақстан Ойл продактс» мұнай өңдеу зауыты (ПКОП үлесі – 40%), Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ үлесі – 35%), Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ үлесі – 25%).

Осы жылдың 15 наурызынан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылды, осыған байланысты Алматы қаласында дизель отынын жеткізу тоқтатылды. Осы кезеңде ПМХЗ мен АМӨЗ-ден дизель отынын жеткізу шамамен 12 мың тоннаны құрады.

Бүгінде ірі желілік ЖҚС және қаланың мұнай базаларында шамамен 8,8 мың тонна дизель отыны бар, 4-5 күн ішінде шамамен 4,7 мың тонна жеткізіледі деп күтілуде.

Соңғы уақытта Алматы қаласында Алматы облысының тұрғындары, сондай-ақ транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына деген сұраныс артты, бұл тұтынудың бір мезгілде 30-35%-ға өсуіне себеп болды және жекелеген ЖМҚС-ға үзіліспен жеткізілуіне (резервуарлардың уақтылы толмауы) әкелді.

Қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жанармай құю бекетінде дизель отынының шектеулі шығарылымы енгізілді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі ҚТЖ және ЖМҚС желілерімен бірлесіп тұрақты негізде жолда дизель отынына мониторинг жүргізеді, басқа өңірде вагондардың тоқтап қалуына байланысты мәселе жедел пысықталуда.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндіріс қайта басталғаннан кейін жағдай тұрақтанады деп күтілуде. ҚР Энергетика министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, ПКОП жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир