|
20.10.2022 | 10:20
2433

Бостандық ауданында қанша ағаш кесіледі

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Бостандық ауданында қанша ағаш кесіледі mk-ul.ru

Бостандық ауданында 900 ағаш кесіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өткен кездесулерде авариялық жағдайдағы ағаштарды кесу, әсіресе тұрғын үйлердің ауласындағы жасыл желектерді санитарлық кесу туралы сұрақтар жиі қойылды. Қазір қалада авариялық жағдайдағы 5 мың ағашты кесу жұмыстары басталды, оның ішінде Бостандық ауданында 900 ағаш кесіледі. Қазіргі уақытта ауданның 3 көшесіндегі (Гагарин даңғылы, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі) авариялық жағдайдағы 207 ағаш оталды, санитарлық мақсатта 4500 ағаш кесілді», - деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, ауданда жаңбыр кезінде үнемі су басып кететін 5 учаске бар.

«Төтенше жағдайлар желісі бойынша бұл проблеманы  тездетіп шешу үшін биыл қыркүйек айында арық өткелдерін қалпына келтіру және арық желісін салу жұмыстары басталды.2 арық өткелін реконструкциялау жұмыстары аяқталды (Жароков және Сәтбаев көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов және  Сәтбаев көшелерінің қиылысы).Қалған 3 учаскені жою жұмыстарын 2022 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған (әл-Фараби – Ремизовка, Әл-Фараби – Гагарин, Тимирязев – Гагарин көшелері)», - деді Ерболат Досаев.

Оның сөзіне жүгінсек, биылғы қазан айының соңына дейін әл-Фарабиден Абай даңғылына дейінгі ұзындығы 4,5 км Үлкен Алматы жағалауын реконструкциялауға және абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады. 2022 жылдың қараша айының соңына дейін жоба бойынша сараптаманың шығуын күтеміз. Жобаны іске асыру 2023 жылдың II тоқсанында басталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир