|
17.07.2020 | 10:30
7207

Экология министрлігі заңсыз қоқыс орындары бойынша жедел желіні іске қосты

Мағзұм Мырзағалиев бір ай ішінде еліміздегі барлық қоқыс полигондарына толықтай мониторинг жұргізбек

Экология министрлігі заңсыз қоқыс орындары бойынша жедел желіні іске қосты zakon.kz

Экология министрлігі заңсыз қоқыс орындары бойынша жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында  хабарлады.

Оның айтуынша, бұл желіге Қазақстанның кез келген тұрғыны өз қаласы немесе ауданындағы заңсыз қоқыс орындары мен деректері туралы, оның ішінде, соны растайтын фото, бейнематериалдарды жолдай алады.

«Сіздермен, сондай-ақ ішкі істер департаменті және әкімдіктермен бірге жағдайды бақылап, сол жерге барып, шара қабылдайтын боламыз», – деді министр. 

Экология министрлігі бір ай ішінде еліміздегі барлық қоқыс полигондарына толықтай мониторинг жұргізбек. 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экология мәселесі туралы айта келіп, заңсыз қоқыс орындарының проблемасына ерекше назар аударды. Жыл сайын Қазақстанда 5 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Оларды өңдеу көлемі еліміз бойынша тек 15% қана. Президент айтқандай, бұл жеткіліксіз. Сондықтан ол Үкіметке жедел түрде заңнамалық база әзірлеп, «Waste to energy» технологиясын енгізу үшін қолайлы инвестициялық жағдай туғызуды тапсырды. 

Экология министрлігінің стихиялық үйінділер бойынша жедел желісінің нөмірі: +77759524900.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир