|
03.11.2022 | 11:12
848

Алмалы ауданындағы ағаштың 25%-ы апатты жағдайда

Ауданда 223 мың ағаш бар

Алмалы ауданындағы ағаштың 25%-ы апатты жағдайда baq.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы халқымен кездесуінде бұл аудан қаланың тарихи орталығы ғана емес, сонымен қатар оның ең жасыл аудандарының бірі екенін айтып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, ауданның жасыл қоры шамамен 223 мың ағашты құрайды. Оның 25%-ы апатты немесе ауыр жағдайда.

"Жасыл қорды жасарту және жаңарту бағдарламасы шеңберінде 5 400 ағаш санитарлық мақсатта кесілді. Аула аумақтарымен бірге ортақ пайдаланылатын жерлердегі авариялық жағдайдағы 660 ағаш кесілді", - деп мәлімдеді қала басшысы.

Сондай-ақ әкім жыл соңына дейін тағы 490 авариялық жағдайдағы ағаш кесілетінін айтты.     

Кесілген ағаштардың орнына Алмалы ауданының аумағында 100 көшет отырғызылып, қараша айының соңына дейін олардың жалпы саны 2,5 мыңға дейін жететін болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир