Атырау облысында жер қойнауын пайдаланушыға айыппұл салынды

20.12.2023 16:14

Прокуратура табиғатты пайдалану субъектілерін тексерді

Сурет:

Атырауда прокурорлар қазынаны 10,7 млрд теңгемен толықтырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуын талдады. Талдау барысында парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcінде "Karabatan Utility Solutions" ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның уақытылы қабылдаған шараларының нәтижесінде аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды.

Атырау облысының прокуратурасы. Өндіріп алынған айыппұл мөлшері – 10,7 млрд теңге.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында жүргізушіден 84 келі бекіре балығы тәркіленді