|
20.12.2023 | 09:05
339

Атырау облысында жүргізушіден 84 келі бекіре балығы тәркіленді

Ол Атырау-Доссор бағытындағы тасжолында ұсталған

Атырау облысында жүргізушіден 84 келі бекіре балығы тәркіленді Атырау облысы ПД

Атырауда облысында 52 жастағы жүргізуші бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдау күдігімен ұсталды. Полиция қызметкерлері оның көлігінен 84,9 келі бекіре мен бағалы балықтың 1,9 келі қара уылдырығын тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жүргізуші Атырау-Доссор бағытындағы тасжолында ұсталған.

«Полиция қызметкерлері күдік тудырған 1971 жылғы жүргізушінің Lada Vesta автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктен салмағы 84,9 келіні құрайтын 27 дана бекіре тұқымдас балық пен 1,9 келі бекіренің қара уылдырығын табылып, тәркіленді. Ұсталған жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир