Қазақстанда киіктерді аулау мерзімі белгіленді

elements.envato.com
elements.envato.com
Ақбөкендер миллион гектар жайылымды таптап тастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Экология және табиғи ресурстар министрлігі аң аулау ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, жас және жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан киіктерді аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеу ұсынылады.

Түсіндіргендей, бұл мерзімдерді Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау қауымдастығы ұсынып отыр.

 - Ақбөкендерді сақтау бойынша қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі күні олардың саны 1,9 млн бас, оңтайлы саны 770 мың бас болды, - делінген негіздемеде.

Ақбөкеннің саны артқаны  сонша, фермерлер жануар табыны егінді құртып жатыр деп шағымдана бастады.

Құжат 9 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Сондай-ақ бұған дейін белгілі болғандай, ғылыми қорытындыға сәйкес, бірнеше өңірде киіктердің санының күрт өсуі, соның салдарынан үй жануарларымен қоректену және суару үшін бәсекелестікке және киіктердің ауыл шаруашылығы дақылдарына енуіне байланысты олардың шамадан тыс көбеюін реттеу қажет болды.

1999 жылдан бастап киік санының күрт азаюына байланысты Қазақстанда ғылыми мақсатты қоспағанда, оны 2023 жылға дейін аулауға тыйым салынып келді. 

Оқи отырыңыз: Қырық киіктің етін тиеген көлік: мал өнімдерін тасымалдау ережесі бұзылған

Новости партнеров