Әлеуметтік желіде көлікке тиелген қырық киіктің етін тасымалдау дерегіне байланысты полиция әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазанның 23-інде полиция қызметкерлері “Астана-Қорғалжын” автожолында 40 киіктің еті тиелген “Jac” көлігін тоқтатқан.
Тексеріс барысында жүргізушінің Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында орналасқан "Астана Агропродукт" ет комбинатынан екені анықталды.
- Тасымалдаушы жүк құжаттардың түпнұсқасын және "Охотзоопром бойынша" РМҚК мен "Астана Агропродукт" ЖШС арасында жасалған тауарды өткізу/жеткізу шартының электронды көшірмесін ұсынды. Сондай-ақ Ақмола облысының аумағында киіктердің популяциясын реттеу туралы № 688 Үкімет қаулысы да бары анықталды, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, киіктің етін тасымалдау дерегі Целиноград аудандық полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген.
- Тексеру материалдары ҚР ӘҚБтК 406-бабына сәйкес мал өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ветеринариялық инспекцияға жіберілді, - деп толықтырды ведомстводан.
Оқи отырыңыз: Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір шығарып келген цех әшкереленді