Мұз басқан Каспий теңізінің видеосы жарияланды

17.12.2020 в 17:31

Оның айтуынша, видео аяқасты түсірілген

Almaty.tv/стоп-кадр

Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев мұз басқан Каспий теңізінің видеосын жариялады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz  Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, видео аяқасты түсірілген. Ол таңертең яхта клубының жанында серуендеп келе жатып Каспийдегі су анжырын байқап қалған.

«Өзіммен бірге квадрокоптер болған. Сондықтан мұндай керемет сәтпен бәрімен бөлісу керек деп ойладым», – дейді Азамат Сәрсенбаев.