Алматы прокуратурасы заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша тергеуді бастады

24.11.2020 17:36

Қала прокуратурасы «Sulpak» дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде жеке кәсіпкердің ағаштарды заңсыз кесу фактісіне жауап берді

Facebook

Ағаштарды заңсыз кескені үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала прокуратурасы «Sulpak» дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде жеке кәсіпкердің ағаштарды заңсыз кесу фактісіне жауап берді.

Уәкілетті мемлекеттік органдар аталған ағаштарды кесуге рұқсат бермегені анықталды.

Аталған факті бойынша Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР ҚК-нің 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалады, оның нәтижелері бойынша залал бағаланады және құқықтық баға беріледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Алматы қаласы прокуратурасының бақылауында