|
09.12.2022 | 12:48
1348

Алматыда 320 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр

2023 жылғы бюджетте 1 млрд теңге жоспарланған

Алматыда 320 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр Rus.team

2023 жылы Алматыда 8 парк аймағын құру және реконструкциялау жоспарлануда. Көкалдандыру шараларына 2023 жылғы бюджет жобасында 6,8 млрд теңге көзделген. Бұл туралы шаһар жетекшісі Ерболат Досаев Алматының қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерболат Досаевтың айтуынша,келесі жылы 13 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды аяқтауға 340 млн теңге қарастырылған, оның ішінде – Баум тоғайы, Тұңғыш Президент паркі, Сайран көлі, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері, Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы, Алатау ауданындағы жаңа «Сосновый бор» паркі , сондай-ақ Атакент аумағын қайта жаңарту жобалары бар.

«Биыл жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша, су басатын 102 учаске анықталды, оның ішінде осы жылы 56 учаскеде су тасқынын жою жұмыстары аяқталады. 2023 жылы қалған 46 учаскеде су басу қаупін жою үшін, сондай-ақ 305,4 км арық желісі мен нөсер канализациясын реконструкциялап, әрі қарай салу үшін 2023 жылғы бюджет жобасында 4 млрд теңге көзделген», - деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, ауаның ластану көздерін анықтау, автоматты мониторинг жүйесін енгізу экологиялық мониторинг жүйесіне қосымша 500 датчикті қосып, қаланың ластану дәрежесін дәл бақылауға мүмкіндік береді. 2023 жылғы бюджетте 1 млрд теңге жоспарланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир