Қазақстандық жекеменшік, мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлері 700 ағашты құтқарып, 1,4 млн литр су үнемдеді. Бұл туралы ECOJER Қазақстаның өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығынан мәлім етті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазақстанда «Жасыл кеңсе» экологиялық жобасының қорытындысы таныстырылды. Оның мақсаты - ұйымдардың «көміртек ізін« төмендету, ресурстарды пайдалануды қысқарту, сонымен қатар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін экомәдениетке үйрету. Жобаға меншік нысанына және қызметкерлерінің санына қарамастан отандық компаниялар тартылды. Олардың қатарына 10 қызметкері бар шағын ұйымдармен қатар бірнеше мың қызметкер жұмыс істейтін ірі банктер де болды», - деп атап өтті қауымдастық өкілдері.