Экология басқармасы құлаған ағаш бойынша түсінік берді

23.11.2023 18:36

Қала аумағында 84 мыңнан астам апатты ағаш бар

Сурет: Zakon.kz

2023 жылғы 23 қарашада сағат 11:10-да Қалдаяқов 47 мен Бөгенбай батыр көшелерінің бұрышында ағаш құлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Басқарма қызметкерлері ағаш құлаған жерге барып, тексеру барысында құлаған емен ағашының сыртқы қабаты әлі зақымданбағанына көз жеткізді. Бұл ақпарат «Алматы қаласының жасыл желектер реестрі» арқылы да расталады. Алдын ала мәлімет бойынша нөсер  жаңбыр  ағаштың тамырындағы  топырақты шайып кеткен.  Соның салдарынан ағаштың бағанына  едәуір салмақ түскен.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым қозғалыс бөлігіне құлаған ағаштан жолды тазартуда.

Алматы қаласының аумағында жасыл желектерді түгендеуге сәйкес 84 мыңнан астам апатты  ағаш бар, оның ішінде: 35 мың ағаш көше бойында, 49 мыңы аула аумақтарында.

Жұмыс жоспары бойынша 2022 жылы магистральдық жол бойында, саябақ аймақтарында және аула ішіндегі  аумақта 5 мың дана апатты ағаш кесіліп, кесілген ағаштардың орнына 50 мың дана жас ағаш көшеті отырғызылды.

2023 жылы Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы 16 925 мың дана апатты ағашты кесіп жатыр және кесілген ағаштардың орнына 169 250 мың дана ағаш көшетін отырғызу жоспарлануда.

Жыл ортасында басқарма 8 ауданмен шарт жасады, осыған орай ортақ аумақтарда апатты ағаштарды кесу кестеге сай жүруде.

Бүгінде 13,1 мыңнан астам апатты ағаш кесілді, сондай-ақ ортақ жерлерге 145 мың көшет отырғызылды.

Экологиялық қоғамдастық сұрақтарына жауап беру үшін ағаштарды кеспес бұрын ғылыми қызметкерлерді тарта отырып,  (Ж. Жиембаев атындағы өсімдіктерді қорғау және карантин ҚазҒЗИ) эко-белсенділердің  апатты ағаштарды  мұқият тексеруі қамтамасыз етіледі.

Оқи отырыңыз: Архитектуралық ансамбль: Алмалы ауданындағы ескі үйлердің сырты жөнделеді