Алмалы ауданында ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 2023 жылы 44 қасбет жөнделді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Жароков көшесі 4, 10 және Шевченко көшесі 162д бойынша 3 қасбет жөнделуде. Бұл туралы аудан әкімі Айдар Жақыбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.
Соңғы бірнеше жылда қаланың орталық ауданының тарихи келбетін сақтау үшін 170 қасбет қалпына келтірілді.
- Алматының магистральдық және қосалқы көшелерінің архитектуралық ансамблін қолдау үшін үйлерге бастапқы көрініс береміз. Біз үйлердегі естілетін шуды азайтамыз, сыртқы кондиционерлерді арнайы қаптама тормен жасырамыз. Қасбеттерді жөндеу кезінде үйдің жағдайын ғана емес, тарихи құндылығын да ескереміз, - деді ол.
Ол өзінің сөзінде төзімсіз материалдардан жасаған әрі сыртқы бейнесі де көңілден шықпайтын урналардың аудан тұрғындары тарапынан көп шағым тудырғанын айтты. Олқылықтың орнын толтыру үшін қала әкімінің тапсырмасы аясында ауданға қаражат бөлініп, 25 магистральдық көше бойында 1,5 мыңнан астам қоқыс жәшігін орнату басталды.
Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Алмалы ауданында 34 жоба жүзеге асырылуда