Түркістанда тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынбақ
ашық дереккөз
Мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысында тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тиісті қаулысы «Ашық» НҚА сайтына жарияланды , деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«2022 жылдың 25 шілдесінен 1 қазанына дейін жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын. Бұл аралық ормандарда өрт қауіпі жоғары кезеңдер болып есептеледі», - делінген қаулыда.
Құжатқа сәйкес, мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.
Айта кетейік, таяуда Түркістан қаласында жасанды көлі бар саябақ ашылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
09.09.2026 18:50
Ауырмаудың жолын іздеңіз: иммунитетті қалай күшейтуге болады
09.09.2026 21:40
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
09.09.2026 09:14
10 қыркүйекке арналған валюта бағамы
10.09.2026 09:16
9 қыркүйекке арналған валюта бағамы
09.09.2026 09:00