Ғарышкер Қазақстандағы шаңды дауылдың суретін жариялады. Ол Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ресейлік "Роскосмос" ғарышкері, ХҒС бортинженері Олег Артемьев шаңды дауылдың суретін Twitter-де жариялады.
«Каспийдегі шаңды дауыл, Қазақстан», – деп жазған ол.
Пылевая буря на Каспии, Казахстан
— Oleg Artemyev (@OlegMKS) December 8, 2020
Dust storm in the Caspian Sea, Kazakhstan#Каспий #Казахстан #буря #пылеваябуря #явление #смотри #Caspian #Kazakhstan #storm #duststorm #phenomenon #look #МКС #iss #космос #space #ОлегАртемьев #olegmks #Роскосмос #spaceart #travel #traveling pic.twitter.com/TLc8JUhzrS
Бұған дейін ғарышкер Олег Артемьев Instagram-дағы парақшасында Владивостоктың Халықаралық ғарыш станциясында түсірілген суреттерін жариялаған болатын. Сурет сипаттамасында ол Владивосток Қиыр Шығыстағы ең ірі теңіз порттарының бірі, Ресейдің Тынық мұхиты флоты орналасқан қала екенін атап өтті.
Ол Сахалинді де түсірген. Олег Артемьев - ресейлік ғарышкер, әлемнің 534-ші ғарышкері.