Палата депуттары бұл кандидатураны қолдады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы лауазымына Еділ Жаңбыршин сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы отырыста дауыс беру барысында Палата депуттары бұл кандидатураны қолдады.
Еділ Терекбайұлы 1966 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Таушық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1990 жылы Алматы энергетикалық институтын «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша үздік бітірді. «Геоэкология» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академик кеңесшісі.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы энергетика институтында «Жылуэнергетикалық қондырғылар» кафедрасының ассистенті болып бастаған. 1992-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім министрілігінің жоғары білім бас басқармасының жетекші маманы. 1993-1995 жылдары – Ақтау политехникалық институтында аға оқытушы, доцент, ғылыми хатшы. 1995-1999 жылдары – Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің мұнай-химия факультетінің деканы. 1999-2000 жылдыры – Орталық-Азия университеті Ақтау филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2000-2007 жылдары – Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Ақтау филиалының директоры. 2006-2008 жылдары – «Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ төрағасы. 2007-2008 жылдары – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2008-2011 жылдары – «Азия Техно Сервис» ЖШС директоры. 2011-2012 жылдары – Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы. 2012-2015 жылдары – Ақтау қаласының әкімі. 2015-2021 жылдың қаңтар айына дейін «Азия Техно Сервис» ЖШС-нің кеңесшісі, инновация бойынша директордың орынбасары.