|
21.04.2022 | 14:36
3406

Алматыда ағаштарды зиянкестерден қорғау үшін дрондар қолданыла бастады

Биологиялық өңдеудің негізгі бөлігі механикалық тәсілмен аспалы бүркуіштің көмегімен жүзеге асырылады

Алматыда ағаштарды зиянкестерден қорғау үшін дрондар қолданыла бастады Almaty.tv

Арнайы техника өте алмайтын, қолжетімсіз орындарды зиянкестерден қорғау үшін эксперименталды түрде дрондар қолданыла бастады. Бұл өңдеу аумағын кеңейтуге және жұмыстың  тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биологиялық өңдеудің негізгі бөлігі механикалық тәсілмен аспалы бүркуіштің көмегімен жүзеге асырылады.  

Синоптиктердің болжамына сәйкес 21-27 сәуір аралығында жауын-шашын күтілуде. Жауын кезінде биологиялық заттардың белсенділігі төмендейді.  Сондықтан жасыл желекті биологиялық өңдеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Өңдеуге ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген қауіптіліктің төменгі санатындағы биологиялық препарат қолданылады. Өзіндік иісі бар, алайда қоршаған ортаға, адамдарға, үй жануарлары мен өзге де тірі ағзаларға еш зияны жоқ.

Еске сала кетсек, қалада ағаштарды зиянкестерден сақтау үшін биологиялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. Тиімділікті арттыру үшін жұмыстар түнгі уақытта сағ. 23:00 мен 06:00 аралығында жүргізіледі. Аталған уақыт мұндай жұмыстар үшін қолайлы болып саналады, себебі  күн сәулесі дәрілік заттың зиянкестерге әсерін төмендетеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир