|
03.04.2023 | 14:55
1966

Алматыда ағаш отырғызу маусымы басталды

Науқан аясында көктемде 10 мың тал егу жоспарланып отыр

Алматыда ағаш отырғызу маусымы басталды Almaty.tv

Алматыда ағаш отырғызу маусымы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын науқан аясында көктемде 10 мың тал егу жоспарланып отыр. Бұл іс-шараға «Жасыл аула» акциясы арқылы қала тұрғындары да қатыса алады. Ауласын жасыл желекке толтырамыз деген жұртшылыққа шегіршін, сәнағаш, шаған, қайың секілді 2638 көшет берілмек. Кейін жергілікті халық 3 жыл бойы отырғызылған ағаштарды күтіп, баптауға міндеттеледі.      

«Көшеттерді алу үшін Алматы қаласының кез келген тұрғыны «Жасыл аула» деген поштаға өз өтінішін қалдыруына болады. Өтінішті 1 апта қарап, жауап береміз. Егер қоғамдық орын ағаш отырғызуға тиімді болса, кез келген тұрғынға міндетті түрде көшет береміз», – деді Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Нұрлан Сейтбеков.

Көктемгі ағаш отырғызу маусымы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Екінші кезең күз мезгілінде жүзеге асырылады. Ол уақытта қала аумағында 300 мыңнан астам көшет егіледі. Жасыл желектің көпшілігі Алатау және Наурызбай ауданы тұрғындарына берілмек.

«Менің бұл үшінші тапсырысым. Былтыр алдыңғы екі тапсырысқа отырғызған ағаштар – осы, ол кезде  ақ қайыңдар берілген еді. Биыл басқа түрін алып, ауламызға егіп жатырмыз. Біздің тұрғын үй кешені 2 жыл бұрын салынған», – деді қала тұрғыны Гүлдерай Раисова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир