Алматыда Экология және қоршаған орта басқармасы қала аумағын көгалдандыру жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жобаға сәйкес көпжылдық өсімдіктер үлесін 17%-дан 60%-ға дейін ұлғайту жоспарланған.
Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер, негізінен, сәуір-мамыр айларында отырғызылады, күтіп-баптау жұмыстары маусымнан қыркүйекке дейін, ал гүлзарларды жинап, жуалыларды отырғызу қазан айында жүргізіледі
Биыл көпжылдық өсімдіктердің жалпы көлемі 50%-дан асты – 74,3 шаршы м (раушан – 40 600, эхинацея - 7 200, лилейник – 4 000, лаванда – 7 500, шалфей – 3 600, мискантус – 5 200, гортензия – 3 500 және т.б)
2022 жылы жалпы көлемі 159 мың шаршы метр гүлмен безендіріліп (оның ішінде алдыңғы жылдардағы көпжылдық өсімдіктердің күтімі), 26 мың шаршы метр газон егілді.