Үздік экобастама: Байқау жеңімпазына 10 миллион сыйақы беріледі

20.04.2023 20:49

Байқауға 16 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады

Almaty.tv

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы үздік экобастамаға 10 миллион сыйақы береді. Бұл туралы «Тұрақты жол» ұлттық әлеуметтік эко науқанын іске қосу» тақырыбында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқауға 16 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Бастысы, ұсынылған жоба елдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталуы тиіс.

«Байқауда  әртүрлі маңызды іс-шара өтеді. Көк алаңдар ашылады, инновация, жасөспірімдерге арналған фестиваль, дөңгелек үстел ұйымдастырылады», – деді Алматы қалалық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Махаббат Есен.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Іле-Алатау ұлттық паркінің резерватында ағаш отырғызылып, сенбілік өтеді. Соңғы үш жылда сәтті жүзеге асқан жоба биыл жаңа форматта ұйымдастырылмақ.

«Бұл – Алматының іскер әйелдер қауымдастығымен бірле іске асып келе жатқан жоба. Менің ойымша, қазіргі жастардың экологиялық сауаты бар. Жақсы жұмыстар ұсынылады деп үміттенем», – деді Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы коммуникация және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Сабина Ақжарова.