|
12.09.2022 | 15:52
3396

Алматының атмосфералық ауасын ластайтындардың бірі – жеке сектор

Алматыда ауаның ластануы бойынша жеке тұрғын үйлердің шығарындылары үшінші орында

Алматының атмосфералық ауасын ластайтындардың бірі – жеке сектор znatoktepla.ru

Алматыда ауаның ластануы бойынша жеке тұрғын үйлердің шығарындылары үшінші орында, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылы ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 127 мың тоннаны құрады. Оның ішінде 70 мың тоннасы - автокөліктен, 46 мың тоннасы – стационарлық көздерден, 11 мың тоннасы-жеке сектордан.

Алматыда жеке тұрғын үй секторын газдандыру деңгейі 99,2%-ға жетті. 1054 үй газ желілеріне қосылмаған, оның ішінде 584 үйді қосу мүмкіндігі бар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан (ХӘОТ) шыққан 152 отбасы үйі. Магистралдық желілердің жоқтығынан 470 үйдің газға қол жетімділігі жоқ.

Сонымен қатар,  әуе бассйенінің ластануына Алматы агломерациясы да кері  әсерін тигізуде. онда магистральдық газ құбырының болмауына байланысты 82 мыңға жуық үй газдандырылмаған.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның ("ҚТГА" АҚ) 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасымен Алматы аумағында 23,2 км таратушы газ құбырларын салу жоспарланған, бұл 355 тұрғын үйдің желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Алматы 2023 жылға қарай 99,4%-ға газдандырылады.

Газдандырылмаған үйлерді қосу қолдаудың түрлі тетіктері арқылы, соның ішінде демеушілердің қаражатын тарту есебінен шешілетін болады.

Алматы агломерациясының іргелес аудандарында "ҚТГА" АҚ инвестициялық бағдарламасымен жақын маңдағы 25 елді мекенді одан әрі қосу перспективасымен газ құбырларын салу көзделген.

Жалпы Алматы агломерациясында 2025 жылға дейін 42 мың жеке үйді газдандыру шығарындыларды жылына 8 мың тоннаға, ал 2030 жылға дейін қалған 40 мың үйді жылына 7,6 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир