Алматыдағы жылу электр орталықтары көгілдір отынға қашан ауысатыны белгілі болды

28.04.2023 21:00

Бұл туралы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді

Almaty.tv

Алматыдағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 көгілдір отынға қашан ауысатыны белгілі болды. Бұл туралы мегаполиске жұмыс сапарымен келген «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, жылу электр стансаларын газға көшіретін кезде қазіргі жұмыс істеп тұрған қазандықтарға жөндеу жұмысы жүргізілмейді. Орнына жаңасы сатып алынады. Жылу электр орталығы көгілдір отынға ауысса, қаланың экологиялық ахуалы жақсарады деген сенімде.

«Жаңа электр стансаларын салу – өте ауқымды және қымбат жоба. Сол үшін де біз әлемнің түкпір-түкпірінен инвестиция тартуды көздеп отырмыз. Жаңа энергия қуаты –  «Самұрық-Қазынаның» негізі жобаларының бірі. Станса қолданысқа берілсе, қаланың экологиялық ахуалын жақсатып қана қоймай, ел экономикасына да оң пайдасын әкелмек», – деді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Сондай-ақ Ұлттық қордың басқарма Төрағасы Алматыға сапары кезінде инфекциялық аурухананың құрылысын да аралап көрді. Мамандардың айтуынша, заманауи талаптар ескеріліп, салынып жатқан әлеуметтік нысанның ТМД елдерінде балмасы жоқ. Жаңа орталықта жұқпалы аурулар, пульмонология және фтизиатрия саласында медициналық көмек көрсетіледі. Ғимарат бір мезетте 350 науқасқа қызмет көрсете алады. Оның құрылысына 130 млрд теңгені «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бөліп отыр. Аурухана жыл соңына дейін аяқталып қолданысқа берілмек.