|
15.09.2021 | 16:21
3020

Заңсыз оталған ағаштарға қатысты тергеу: Н. Ливинская жауап берді

Кесілген 294 түп жасыл желектің ішінде Қызыл Кітапқа енген ағаштар да болуы мүмкін

Алматыда заңсыз кесілген 300-ге жуық ағашқа қатысты тергеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Аталған жайттың анық-қанығын зерттеп, нақты ақпар беру үшін сарапшылар мен басқарма мамандарынан, сондай-ақ белсенділер мен тәртіп сақшыларынан құралған комиссия жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv

Айта кетейік, оталған 294 түп жасыл желектің ішінде Қызыл Кітапқа енген ағаштар да болуы мүмкін. 

«Нақты нәтиже шықпай тұрып, бірдеңе деу қиын. Қазір мамандар «Сол 300 шақты ағаштың ішінде Қызыл Кітапқа енгендері расымен бар ма, жоқ па?» деген сауалға жауап іздеп жатыр. Алдын-ала жасалған болжамға сенсек, кесілгендердің ішінде Сиверс алмасы да болуы мүмкін. Бәріміз сараптама нәтижесін күтіп отырмыз», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы наталья Ливинская.

«Ең өкініштісі  табиғатқа заңсыз залал келтіру тыйылмай тұр», – дейді басқарма басшысы. 

Естеріңізге салсақ, былтыр Алматыдағы Sulpak сауда үйінің алдындағы 13 ағаштың кесілуіне қатысты да осындай шу шығып, қылмыстық іс қозғалған еді. Сол оқиғадан кейін басқарма мамандары нақты іске көшкен. 

«Қазір не істеліп жатыр? Қалалық жобалау басқармасындағы әріптестерімізбен бірге ірі құрылыс нысандарының жұмысы басталмас бұрын мониторинг жүргіземіз. Заңбұзушылық анықталған жағдайда іске полиция өкілдері қосылып, айыппұл салады немесе жауапкершілікке тартады», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы наталья Ливинская.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир