|
23.07.2020 | 16:22
4978

Көбейтұз көлінің тұзын сатқандар анықталды – ҚР ІІМ

Вице-министр мұндай адамдардан тұзды сатып алғандарға еш жаза қолданылмайтынын жеткізді

Көбейтұз көлінің тұзын сатқандар анықталды – ҚР ІІМ  Фото kokshetau.asia

Ақмола облысындағы қызғылт түсті Көбейтұз көлінің тұзын саудалағандар анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл ретте біз әлеуметтік желі бойынша жұмыс істейміз. Дәрі-дәрмекке қатысты да көптеген заңсыз фактілер әлеуметтік желіде табылған. Біздің есепте жалғыз Көбейтұз тұрған жоқ. Осындай қызмет көрсетілетін түрлі чаттар мен топтар бойынша жұмыс істейміз. Көбейтұз бойынша да тұзды емдік шипасы бар деп сатқан адамдар анықталды», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде. 

Вице-министр мұндай адамдардан тұзды сатып алғандарға еш жаза қолданылмайтынын жеткізді. 

«Тұзды сатып алғандарды еш жауапқа тарта алмаймыз. Ал сатқан адамдарға Әкімшілік кодексте тиісті баптар қарастырылған. Тіпті бір емес, бірнеше бап бойынша да жазаланатын болады», – деді А. Калачиди.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир