Қазақстаннан ағаш материалдың кейбір түрін шығаруға тыйым салынды

10.12.2022 21:51

Бұл тыйым ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын заңсыз кері экспорттауға жол бермеу мақсатында енгізілді

nsk.bfm.ru

9 желтоқсаннан бастап елден ағаш материалдардың кейбір түрін әкетуге тыйым салынды. Бұл тыйым ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын заңсыз кері экспорттауға жол бермеу мақсатында енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Индустрия министрінің арнайы бұйрығы ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар" кодын қоспағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салуды көздейді", - делінген хабарламада.