Мұнда 100-ден астам жабайы қабан мекендейді
Алматы облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде жабайы қабан торайларымен бірге фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ақпарат «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
«Қыстан аман шыққан торайлар «Алтын-Емел» ұлттық паркінде серуенге шыққан. Видеодан олардың бұлаққа су ішу үшін емес, батпаққа аунау үшін келгені көрініп тұр. Себебі, олар осылайша кенелерден қорғанады», - делінген әлеуметтік желідегі парақшада.
ҚазАқпарат мәліметінше, мұнда 100-ден астам жабайы қабан мекендейді. Сондай-ақ, қабандардың күніне орта есеппен 4-5 мың калория азық жеп, тамақтың иісін бес шақырымнан астам қашықтықтан сезетіні жазылған.
Бұған дейін ілбістің «Алтын-Емел» ұлттық паркінде түсірілген сирек кездесетін суреттері желіде жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.