Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті мәлімдеді
Еліміздің Қызыл кітабына енген дуадақ құстары табиғатқа жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
4 мыңнан астам тырнатәрізділер Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда аймақтарын мекендейтін болады. Сирек құстардың 3 мыңы Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелінсе, қалған мыңға жуығы Түркістан облысында өсірілген.
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті мәлімдеді. Соңғы он жылда Қазақстанда 20 мыңнан астам дуадақ пен 700-ге жуық сұңқар өсіріліп шыққан. Тәжірибе көрсеткендей құстардың өміршеңдігі 50 пайызды құрайды дейді мамандар.