Алматы облысында табылған қар барысы хайуанаттар бағында емделіп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол тәулігіне 2,5 келі сиыр еті мен қосымша тауық етін жейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысына қарасты Сарыбастау ауылының маңында табылған қар барысы қарны аш болған соң таудан түскен. Ветеринар дәрігерлерлердің айтуынша, жыртқыш аңның әлсіреп, ағзасындағы судың мөлшері азайған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаладағы хайуанаттар бағында бір айлық карантинде жатқан сақ жануардың қазір жағдайы жақсы. Ол тәулігіне 2,5 келі сиыр еті мен қосымша тауық етін жейді. Қар барысының нақты жасы әлі белгісіз. Мамандар ол былтыр ғана туған, яғни 1 жаста деп топшылып отыр. Табиғатта еркін жүрген жыртқыш аң күндіз кішігірім торда отырса, кешкі уақытта кең вольерде серуендейді.

«Бізге келген кезде алдыңғы және артқы сол аяқғының табаны тілінгенін байқадық. Оған қоса, артқы аяқтары дірілдеп тұрды. Жыртқыш аңнан тиісті анализдер алынып, түрлі инфекциялық ауруға талдау жасалып жатыр. Сондай-ақ рентгенге түсіріп, ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі. Аяғының жарақатына байланысты антибиотик қабылдап жатыр. Вирусты инфекциялардан да дәрі-дәрмек егіледі», – деді Алматы хайуанаттар бағының ветеринар дәрігері Виталий Сачков

Тиісті ем-дом көрсетілген соң қызыл кітапқа енген қар барысы табиғатқа қайта жіберілуі мүмкін. Еске сала кетейік, өткен аптада ауылда мал бағып жүрген азаматтар аяғы жарақаттанған жануарды кездестіріп, тиісті орган өкілдеріне тапсырған еді. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Новости партнеров