|
27.03.2023 | 17:39
410

Жетісу Алатауында қар барысы мен арқарлар видеоға түсіп қалды

Қызыл кітапқа енген аюларда түскен

Жетісу Алатауында қар барысы мен арқарлар видеоға түсіп қалды стоп кадр

Жетісу тауларында қар барысы көзге түсті. Бұл жайында «Табиғат» аңшылар қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Наурыз айының соңында «Табиғат» қауымдастығы зоолог ғалымдармен, аңшылармен және аңшылық шаруашылық мүшелерімен бірлесіп Жетісу Алатауында жануарларға мониторинг жүргізген.

«Мұнда аңшылық шаруашылықтарының аумағында «Тұрақты туризмді дамыту» жобасы аясында қар барысы мен басқа да сүтқоректілердің санын есепке алу жұмысы жалғасып жатыр. Нәтиже өте жақсы, ондаған камера сирек кездесетін жыртқыштарды тіркеді. Бүкіл деректер мамандарға беріледі», - деп хабарлады қауымдастықтан.

Бейнетұзақтан ақпарат алудан бөлек, жануарларды визуалды есепке алу да ұмыт қалмайды.

Бұл процесс барысында сирек кездесетін аңдар, атап айтқанда Қызыл кітапқа енген арқарлар мен аюлар түсіріп алынған.

Аталған жоба CEPF және WWF атты халықаралық экология қорларының қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир