|
03.06.2020 | 18:07
3215

Сағынтаев Премьер-министрден Көк Жайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады

Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-министріне хат жолдады

Сағынтаев Премьер-министрден Көк Жайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады

Сағынтаев Премьер-Министрден Көк Жайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады. Бұл туралы Алматы әкімі Б. Сағынтаев Twitter-дегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б. Сағынтаев Көк Жайлау тағдырына алаңдаушылық білдірген экологтар пікірлеріне ден қоятынын жазды. Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-министріне хат жолдады.

«Экологтармен жиі кездесемін. Көк Жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым», – деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев Алматы қаласын дамыту бойынша өткізген жұмыс кеңесі барысында Көк Жайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жөніндегі жобаны іске асыруды тоқтату туралы тапсырма бергені бұрыннан белгілі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир