2021 жылдың 24 ақпанында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы Терісбұлақ өзені ағып жатқан Байқоңыр көшесіне шыққан. Тексеру барысында құбырдың бітеліп қалғаны анықталған, соның салдарынан да өзенге кәріз ағыны төгілген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құдықты тазарту үшін Жасыл экономика басқармасы «Алматы Су» МКК қызметкерлерін шақырды. Жұмыс үш күнге созылды, 26 ақпанда Терісбұлақ өзеніне кәріз суын ағызу тоқтатылды.
Қала белсенділері Вячеслав Павленко мен Салтанат Тәшімоваға алғыс айтамыз.
Айта кетейік, кәріздік ағынды өзенге ағуы 2020 жылдан бастап жалғасуда. 2020 жылдың күзінде Жасыл экономика басқармасы құдықты тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Басқарма кәрізге жауап бермейді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін ЖЭБ кінәлі адамдарға қатысты шаралар қабылдау үшін Экология Департаменті мен Полиция Департаментіне хат жолдады.