Себебі, 20 жылда бірде-бір экология жылы жарияланған жоқ
«Қазір Атырауда экологиялық апокалипсис болып жатыр». Дәл осылай деген атыраулық эколог Арман Хайруллин 2021 жылды Қазақстандағы «экология жылы» деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Табиғат жанашыры Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның бастамасымен өткен онлайн дөңгелек үстелде елімізде экология мәселесі өте өзекті мәселе екенін жеткізді.
«1990 жылдан осы күнге дейін ауа бассейіне 4 миллион тонна уытты қалдықтар шығарылған. Осының барлығы біздің денсаулығымызға зиян келтіруде. Қазір Атырауда экологиялық апокалипсис болып жатыр десем артық айтпаспын. Осы түйткілге қатысты ұсынысым бар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде экология министрлігін құрды. Ол алдағы 2021 жылды "экология жылы" деп жарияласа екен. Себебі 20 жылда бірде-бір экология жылы жарияланған жоқ», – деді Эколог Арман Хайруллин.