|
03.09.2023 | 19:00
524

Экологтар СҚО-дағы балықтардың жаппай қырылуына не себеп болғанын айтты

Бұл жағдай тамыз айының ортасында белгілі болды

Экологтар СҚО-дағы балықтардың жаппай қырылуына не себеп болғанын айтты primeminister.kz


Солтүстік Қазақстан облысы Экология департаменті жергілікті көлдегі балықтардың жаппай қырылуының себебін атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

- Жамбыл ауданы Питное көлінде (Миролюбово ауылының жанында) және Шал ақын ауданы Есіл өзенінде (Сергеев су торабының жанында) балықтардың қырылуына өсімдіктердің шіруі кезінде пайда болған күкіртсутектің жиналуына байланысты болды. Ведомствоаралық жұмыс тобы отырысында осындай қорытынды шығарылды, - деп хабарлайды СҚО Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Факт бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының нәтижелері бойынша келесілер анықталды:

Есіл өзенінде (Сергеев су торабы аймағында) балықтың ішінара өлімінің себебі ауа мен судың жоғары температурасы салдарынан судағы оттегінің азаюы болды.

Питное көліне байланысты жергілікті атқарушы органға су айдынының гидрохимиялық режимін жақсарту үшін су айдынының тұрақты мониторинг жүргізу, артық өсімдіктерді шабу және аэрация жүргізу бойынша мелиорациялық жұмыстарды атқару ұсынылды.

Есіл өзеніндегі балықтардың жаппай қырылғаны тамыз айының ортасында белгілі болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир