Алматыда эколог мамандар транспортты көгілдір отынға көшіруге шақырады

Almaty.tv
Almaty.tv
Euro-5 және Euro-6 нормаларына сәйкес келетін отынның ең экологиялық таза түрі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көлікті табиғи газбен жүргізу экологиялық тұрғыдан таза. Осылай деген эколог мамандар транспортты көгілдір отынға көшіруге шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың айтуынша, миллионды қаланың атмосферасына жыл сайын 120 мың тоннадай улы заттар бөлінеді. Оның 70 мың тоннасы көліктерден бөлінеді екен. Ал, табиғи отын мұнаймен салыстырғанда жанғыш заттар шығармайды. Сондай-ақ ол Euro-5 және Euro-6 нормаларына сәйкес келетін отынның ең экологиялық таза түрі.

«Көліктерді газға көшіру ең маңызды мәселе. Ол экологиясының жақсаруына ықпал етеді. Сондай-ақ болашақта электр қуатымен жүретін транспорттың санын көбейтсек, қоршаған ортаның жағдайы әлдеқайда жақсарады», – деді қалалық экология департаментінің бөлім басшысы Ермек Жұмағалиев.

Новости партнеров