|
16.02.2021 | 19:35
1265

Биыл «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында қосымша 30 білім беру нысаны қолданысқа беріледі

Қала қарқынды дамып, адам саны жылдан жылға өскендіктен, мектептің жанына қосалқы ғимарат салу жоспарланған

Биыл «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында қосымша 30 білім беру нысаны қолданысқа беріледі

Биыл «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында қосымша 30 білім беру нысаны қолданысқа беріледі. Бүгінде қалада 30 мыңға жуық оқушыға мектептерде орын жетіспейді. Бұл олқылықты шешу мақсатында қала әкімдігі жүйелі жұмыстарды қолға алған. Толығырақ Almaty.tv тілшісінің бейнематериалында.

Әуезов ауданында орналасқан №133 жалпы білім беретін мектепте қазір 2818 бала білім алады. Негізі мектептің шақталған сыйымдылығы 1266 орын. Қала қарқынды дамып, адам саны жылдан жылға өскендіктен, мектептің жанына қосалқы ғимарат салу жоспарланған. Құрылысы өткен жылдың аяғында басталған білім ордасының жапсарлас бөлігі алдағы оқу жылына дейін бітеді деп күтілуде.

«Талай жылдан бері шешілмеген мәселе шешіліп жатыр. Қазір біз өте қуаныштымыз. Мектеп ұжымы, ата-аналар және оқушы, кішкентай бүлдіршіндеріміз. Осы ғимарат бір ауысымда 400 оқушыға есептелінген, ал енді екі ауысымда 800 оқушы осы ғимаратта оқиды», – деді №133 жалпы білім беретін мектептің директоры Нұрлан Адамов.

Қосымша қолданысқа берілетін нысанда бастауыш сыныптарына арналады дейді мамандар. Онда 20-дан астам оқу кабинеті, лингафон сыныптары мен би залдары болады.

Графика:

Жалпы биыл шаһарда 30 білім беру ошағын қолданысқа беру көзделіп отыр. Дәлірек айтқанда барлығы 12600 орынды құрайтын 8 жаңа мектеп салынады. 8 263 орынға арналған 17 қосалқы ғимарат және 460 орын болатын 5 мектепке дейінгі мекеме бой көтереді.  

«Былтыр 7 білім беру нысаны ел игілігіне берілді. 3 700-ден астам орын пайда болды. Олар Мамыр, Нұршашқан ықшам аудандары мен Абай көшесінің бойындағы мектептер. Сондай-ақ 4 мектепке жапсарлас ғимарат салынды», – деді Жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев.

Жалпы «Жаңа Алматы» кешенді жоспары бойынша әсіресе шеткі аудандар басты назарда болмақ. Жоспарға сәйкес 2024 жылға дейін 50 мыңнан астам оқушы орнына тапшылық қысқарып, балабақша кезектілігі 23 мың орынға дейін төмендейді деп көзделген.

Назкен Еркін, Медет Саматұлы, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир