Алматылық белсенділер мен еріктілер жасыл-желектерді суарумен айналысып жатыр. Мақсат – шілденің шіліңгір ыстығында ағаштарды сақтап қалу, сонымен бірге қала көркіне нұқсан келтірмеу. Дәл қазір Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын Бостандық ауданында желтоқсаншылармен бірге жасыл-желектерді суарып жүр. Тікелей қосылымға дайын.
– Ұлағат аптап ыстыққа қарамай ағаш суаруға жиналғандар көп пе? Көңіл-күйді жеткізсең?
– Рақмет, Қайрат! Иә, бір сағат бұрын қазір мұнда еріктілермен ағаштарды суару жұмыстары басталып кетті. Синоптиктердің айтуынша, қалада күннің шамадан тыс ысуы соңғы 1 аптада байқалған. Ең жоғары ауа температурасы кеше, яғни 26 шілде күні болған. Термомерт бағамы +39 көрсеткен. Қазір осындағы қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген адамды сұхбатқа тартсақ.
Бүгінде Алматыда 2 млн 633 мыңнан аса тал-терек бар. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін 350 мың түп көшет егу жоспарланған. Шаһар басшысы да соңғы сұхбатында қаладағы ағаштарды суару үшін қажетті техникалар мен жұмысшылардың барлығын осында тарттық деп айтқан болатын. Сол себепті қазір техникалық ресурстардың көпшілігі осындай жұмыстарға жұмылдырылған.
Құрметті көрермен, осы ретте біз де өз тарапымыздан сіздерді азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз. Қаланы жасыл желекке айналдыру үшін, осындай шілденің шіліңгір ыстығында қала көркін сақтап қалу үшін әр қайсысымыздың еңбегіміз маңызды. Дәл осындай шара Түріксб ауданында да өтіп жатыр. Ондағы көңіл-күйді әріптесім Дамир Анитов сәлден соң жеткізетін болады. Оны жаңалықтарымыздың орыс тіліндегі шығарылымынан көре аласыздар. Қайрат сөз өзіңде.
– Рақмет. Студиямен тікелей байланысқа қосылған әріптесім Ұлағат Арғын болатын.