Үкіметте «G4 City» жобасын іске асыру мәселесі талқыланды

28.09.2023 14:01

Төрт аудан Алматы және Қонаев қаласының арасында салынады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап. 

Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады. Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше,талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетейік, тұжырымдамаға сәйкес Алматы және Қонаев қаласының арасында интеграцияланған G4 City қаласы төрт ауданнан тұратын болады:

Gate – іскерлік және қаржылық орталық;

Golden – білім беру және медицина салалары бойынша хабтар;

Growing – өнеркәсіптік және логистикалық хабтар;

Green – туристік кластер.

Биыл көктемде Алматы облысында 2048 жылға дейін жалпы ауданы 30 мың га болатын «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл интеграцияланған қаланы құруға отандық және шетелдік инвестиция тарту үшін қолайлы климатты қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз: Тұман, жел: 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы